«Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) халықты жұмыспен қамту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. еңбек иммигранттарға рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу, әлеуметтік бағдарламаларды басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі,9 .
  10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.                                                                                                                                   

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
  2. Мақсаттары:

халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

аз қамтылған азаматтар мен жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

мұқтаждарды әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту, кері қайтарып алу.

  1. Өкілеттіктер:

1) құқықтары:

ауыл және ауылдық округ әкімдерінен, атқарушы органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің басшыларынан және басқа да лауазымды тұлғалардан Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе өзге де материалдарды сұрату және алу;

Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;

мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалану;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

2) міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

ауданның жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар беру;

ауданда жұмыспен қамту картасын іске асыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

Ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;

жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау;

жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын, өздерінің қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;      

арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді орналастыру;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

         отбасыларға мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша кеңестер беру, жан-жақты қолдау көрсету үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолдамалар беру;

         қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға психалогиялық қолдау және кеңес беру қызметтерін көрсету;

         отбасыларға өз ісін ашу қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша кеңестер мен қолдау көрсету;

         қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға ерікті көмек көрсету;

         қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға медиациялық көмек көрсету;

мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуде үйлестіру;

жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

жүріп-тұруы қиын  бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, жеке бағдарламаға сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын ұсыну;

 Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Мемлекеттік мекемеге жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:

Мемлекеттік мекеменің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

Мемлекеттік мекеме туралы Ережені әзірлейді, өзгерістер, толықтырулар енгізеді және аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастырады;

заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

Мемлекеттік мекеменің жеке құрамы және негізгі қызметі бойынша бұйрықтар шығарады және ресімдейді;

қызметтік құжаттарға қол қояды;

Мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, қызметтік әдепті, Мемлекеттік мекеменің ережесін сақтайды;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

Мемлекеттік мекеменің жұмысын талдайды, жұмысын жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды, Мемлекеттік мекеме мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеде бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен

сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 
  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 октября 2025