«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Жаманбаев Әли Маратұлы, 1997 жылы туған, “Қорғалжын ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ басшысы, қазақ, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Смагулов Агыбай Советович , 1970 жылы туған, “Майшұқыр ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ бас маманы, қазақ, Қорғалжын ауданының Майшұқыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Шермұхан Әлімжан Мұхитұлы , 1988 жылы туған, “Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты” ММ қызмет сапасын бақылау бас инспекторы, қазақ, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы