«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 бабының 2) тармағына, 23 бабының 5) тармағына аудан әкімінің №9 29 желтоқсан 2022 жылғы шешіміне , «Қорғалжын ауданының Кеңбидайық , Майшұқыр және Сабынды ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды тағайындау туралы» Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 04 маусымдағы №23/2 қаулысына сәйкес 13 шілде 2025 жылы өтетін сайлау бойынша қатысатын Қорғалжын ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары және олардың орналасқан жерлері туралы хабарлаймыз.
Қорғалжын ауданының аумағында сайлау учаскелерінің шекаралары
№ 583 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Кеңбидайық ауылы, Талғат Бигелдинов көшесі 22, « Ақмола облысы Білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің Кенбидайық ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Кеңбидайық ауылы, Екпінді ауылы.
№ 584 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Майшұқыр ауылы, Абай көшесі 15, « Ақмола облысы Білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің Майшұқыр ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Майшұқыр ауылы, Құмкөл ауылы.
№ 593 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Сабынды ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 24, «Ақмола облысы Білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің Сабынды ауылының Усенов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Сабынды ауылы, Алғабас ауылы.
№ 595 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қараегін ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі 11, «Ақмола облысы Білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің Қараегін ауылының Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қараегін ауылы.
Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы