Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары

Осы Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы" бұйрығына.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозуын болдырмау мақсатында қабылданады.

      Жоспар құрамында:

       1) осы Жоспардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері.

      2) Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға құқық белгілейтін құжаттар (1-қосымша) негізінде жер пайдаланушылар жерлерінің санаттары бөлінісінде Қорғалжын ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) 2025 - 2029 жылдарға арналған.

      3) осы Жоспардын 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу мәліметтері;

       4) осы Жоспардын 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан аумағында орналасқан ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер;

       5) осы Жоспардын 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметте;

       6) осы Жоспардын 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер;

       7) осы Жоспардын 5-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы малын жаю бойынша жайылымдарды алмастыру схемасы;

       8) осы Жоспардын 6-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына халықтың қажеттілігіне арналған жайылым айналымының схемасы (картасы);

       9) осы Жоспардын 7-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекараларымен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

       10) осы Жоспардын 8-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

       11) осы Жоспардын 9-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

       12) осы Жоспардын 10-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

       13) осы Жоспардын 11-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі.

      14) осы Жоспардын 12-қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптар.

Дата публикации
26 мая 2025