Мемлекеттік қызмет

Қорғалжын ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ хабарлайды: Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау қағидаларының 3, 7-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығымен бекітілген иелеріне (көрсетілетін қызметті алушыларға) тиесілі және төменде келтірілген кестеге сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органында мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жылына бір рет мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге жатады.

 Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

жеке тұлға (не сенімхат бойынша оның өкілі): нысан бойынша өтініш, машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт).

заңды тұлға (не сенімхат бойынша оның өкілі): нысан бойынша өтініш, машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт).

          Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Дата публикации
21 апреля 2025