«Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер.

«Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Арықты ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

-   «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»;

-   «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

  • «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтар алу»;

-  «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

2024 жылы Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Ресми сайтында және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органың ақпараттық стендтерінде  орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Халыққа ыңғайлы болу және электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алу үшін ауылдық округ әкімі аппаратында компьютермен, принтермен, сканермен, веб камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 54 қызмет алушы пайдаланған.

Ресми сайтында және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 22 мақала жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру нәтижелері.

2024 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілген жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілмеген.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

«Қорғалжын ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында бұзушылықтар жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері зерделенілмеді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына мынадай міндеттер қойылды:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, әлеуметтік желілердің беттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- клиентке бағдарлану-көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

 

 

Арықты ауылдық округінің әкімі:                                Мажитова Г. З.

Дата публикации
04 марта 2025