Жалпы ережелер
Корғалжын ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы №а-8/251 қаулысымен бекітілген «Корғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) ережесіне сәйкес, мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі – халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Бөлім электрондық форматта 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар:
- Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
- Тұрғын үй сертификаттарын беру;
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы жөніндегі паспорт беру;
- Қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою жобалау құжаттамасын келісу;
- Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңы қатынастары бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
- Қалалық (ауылдық), қала маңы және ауданішілік тұрақты автомобильмен жолаушылар және багаж тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту;
- Тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын жергілікті атқарушы органдарда тіркеу;
- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою;
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
- Объектілерді кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) туралы шешім беру;
- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартының есептік жазбасы туралы үзінді беру.
2024 жылы Бөлім 111 мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлық қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде ұсынылды. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша дәлелді бас тартулар болған жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетуді «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 52 қызмет;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 39 қызмет;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы жөніндегі паспорт беру – 20 қызмет.
Қызмет алушылармен жұмыс
Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау телефондары көрсетілген стенд орналастырылған, ол ғимараттың бірінші қабатындағы сервис әкімдігінде орналасқан. Жыл сайын әлеуметтік желілерде және Корғалжын ауданы әкімінің ресми сайтында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бөлімнің қызметі туралы есеп жарияланады.
2024 жылы 2 тікелей эфир өткізілді.
Корғалжын ауданы әкімінің ресми сайтында 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп жарияланды.
Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Корғалжын аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Бөлімнің мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау нәтижелері:
Қызмет көрсету мерзімдері мен дәлдігін ішкі шолу арқылы тұрақты бақылау және қызмет сапасын тексеру жүргізіледі.
- Уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бақылау жүргізілген жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелері:
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын жақсарту перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы орган алдында мынадай міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- Мемлекеттік қызметтерге шағымдарды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
- Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органдағы ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды әлеуметтік желілерде уақтылы жариялау;
- Қызмет алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және насихаттау шараларын өткізу;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Клиентке бағдарланған тәсілді күшейту – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру.
Корғалжын ауданының сәулет,
құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі М. Рахимов
және автомобиль жолдары бөлімінің
басшысы