«Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қоғамдық талқылау есебі

«Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қоғамдық талқылау есебі

 

Осы есеп "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалды. Мемлекеттік  қызметтер көрсету мәселелері  бойынша  есеп беру, сондай-ақ Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы туралы ақпараттандыру мақсатында  ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді. Бұл есепті жариялаудың басты міндеті-ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, талқылауға барлық мүдделі тараптарды тарту.  Қоғамдық талқылаудың нәтижелері  мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жақсарту үшін пайдаланылады.

2024 жылға мемлекеттік органға келіп түскен өтініштерді тіркеу және қарау бойынша күнделікті есептілік нысаны «Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 3 өтініш түсті. Өзіндік қызмет көрсету пункті арқылы 45 анықтама алынды. Әкім аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олардың толық тізбесімен Қорғалжын ауданының интернет-ресурсында, «Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендтерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде танысуға болады. Сонымен бірге аула аралау кезінде, өтініш берушілерді қабылдау кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуында жалпы қолжетімділік болып табылады.

Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-семинарлар өтеді. Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасына міндетті бақылау жүргізеді. Бақылау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Амангелді ауылдық округі әкімі:                                                                   С. Мамыраемов

Дата публикации
04 марта 2025