2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕП

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

«Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2) Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Бөліммен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру (бұдан әрі – куәліктер беру);
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру (бұдан әрі – техниканы тіркеу);
  3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру (бұдан әрі – кепілді тіркеу);
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу (бұдан әрі – жыл сайынғы техникалық байқау);

Негізделген  және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.

2024 жылы  Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік орган  көрсеткен мемлекеттік қызметтер саны –қызмет ақылы негізде 58;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) көрсеткен мемлекеттік қызметтер саны – 145 қызмет, оның ішінде 145 қызмет ақылы негізде, 0 қызмет тегін негізде;

- тікелей мемлекеттік органда (қағаз форматында) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 13 қызмет тегін негізде;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-0.

- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны- 4

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. «Техниканы тіркеу» - мемлекеттік қызмет.
  2. «Кепілдік тіркеу» - мемлекеттік қызмет.
  3. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) 2024 жылы бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік және орыс тілдерінде 7 жарияланым орналастырылды, аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде 1 жарияланым орналастырылды, Қорғалжын ауданы әкімдігінің сайтында, әлеуметтік желілерде және қалалық газетте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы жарияланымдар мерзімді түрде шығады.

Бөлімнің кабинетінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі, бөлімнің жұмыс кестелері орналасқан ақпараттық стендтер орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды түсіндіру үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген азаматтарға күн сайын консультациялар жүргізіледі. Сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің уақтылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі. 2024 жылы ашық есік күні өтті.

Негізді және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) 2024 жылы ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

2) есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 1 қызметкер өтті (50%). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша мамандарды оқыту персоналды басқару қызметі жасаған оқыту кестесіне сәйкес жоспарланған.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі. 2024 жылы Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне мемлекеттік қызметтерді жетілдіру (куәліктер беруге қатысты) бойынша ұсыныс жіберілді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) 2024 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері:

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделеніп, Қорғалжын әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланды.

5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды.

-   Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнаманың талаптарын қатаң сақтау

-     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

-  Клиентке бағдарлану қағидатын нығайту

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

Косымша 1 пырақта.

 

 

«Қорғалжын ауданының

кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы

бөлімі» ММ

басшысы                                                                                     Ж. Мурзагельдиев

 

 

 

Орынд.: А. Оралбаев

Тел.: 2-15-36

Дата публикации
04 марта 2025