«Б» корпусыныңАқмола облысы жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 021300, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Х.Болганбаев көшесі 9, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-37) 2-14-09, факс 8(716-37)2-14-09, электрондық мекенжайы: korgalzhin_sup@aqmola.gov.kz электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 Mb-денаспайды, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.com және т. б.) - 5 Mbартықемес) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты «Е-R-1», А функционалдық блогы, лауазым деңгейі 7, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жалпы басшылық ету және бөлімнің  қызметін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуы мен қадағалануын іске асыру, бөлімнің жұмыс жоспарын құру және оның орындалуын қамтамасыз ету.

      Мақсатты мәдени бағдарламалар қызметі бойынша, негізгі қызмет түрлерін дамыт уды  жүзеге асыру, ауданның мәдениет мекемелерінің жұмысына жетекшілік ету. Перспективалық және ағымдағы жоспарлардың, мәдениет үйлері мен кітапханалар жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету. 

      Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мәдени құндылықтарды құрастыру, қайта жаңғырту, сақтау, тарату. Ұлттық дәстүр мен салтты, Қазақстан халқының тарихи мәдени ошақтарын сақтау мен дамыту. Шығын сметасының жоспарлануын жүзеге асыру. Өзінің құзыреттілігінің шегінде азаматтық-құқықтық  сот процесстерінде әкімдіктің және аудан әкімінің құқықтық мүддесін ұсыну.

       Дене шынықтыру және спорт сұрақтары бойынша НҚА және де аудан әкімінің қаулы жобаларын әзірлейді және қарауға ұсыну. Ауданда дене тәрбиесі мен спорт дамуының ағымдағы, перспективті және мақсатты бағыттарын дайындау мен өткізуді жүзеге асыру және қадағалау.Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу. Дене тәрбиесі мен спорт мекемелерінің қызметін  ұйымдастыру. Аудандағы спорт ғимараттарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көмек көрсету.

      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мақсатты бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау. Шығын сметасының жоспарлануын жүзеге асыру.

 Құзыреттер бойынша талаптар:

      1) А-1, В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, D-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттардағы лауазымдарға орналасу үшін стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

        Конкурсқа қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, педагогика ғылымдары (дене шынықтыру және спорт) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Халықаралық қатынастар немесе мәдениеттану немесе әлеуметтану немесе психология немесе кітапхана ісі) немесе бизнес, басқару және құқық саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қорғалжын ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.  Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Дата публикации
21 февраля 2025