«Б» корпусыныңАқмола облысы жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Б» корпусыныңАқмола облысы жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

 

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 021300, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Х.Болганбаев көшесі 9, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-37) 2-14-09, факс 8(716-37)2-14-09, электрондық мекенжайы: korgalzhin_sup@aqmola.gov.kz электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдарды ңрұқсат етілген ең көп көлемі 20 Mb-денаспайды, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.com және т. б.) - 5 Mbартықемес) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1) Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты E-G-3, 1 бірлік (функционалдық блок-В, лауазым деңгейі -5).

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 199 460 теңгеден 239352 теңгеге дейін.

     Негізгі функционалдық міндеттері:

   Іс қағаздарын жүргізу, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және азаматтық хал актілерін тіркеу. Жоғары тұрған органдар мен өздерінің нормативтік актілерін орындау бойынша бақылау. Азаматтардың өтініштері мен арыздарын уақытында қарау. Прокуратура органдарына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» ҚР Заңын орындау бойынша есепті жасау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында, мекемелерінде, ұйымдарында, оқу орындарында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындар есебін жүргізу тәртібі туралы» қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындар есебінің толықтығы мен сапалығын қамтамасыз ету. Мүлік, көлік құралдары, жер салықтарын жинауды ұйымдастыру және жүргізу. Салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін толық және уақытылы жүргізу. Салықтар бойынша толық төленбеген төлемдерді жою бойынша жұмыс. «Сайлаушы» ТАЖ бағдарламасы бойынша  сайлаушылар тізімін түзету, ай сайынғы сайлаушылар тізімін салыстыру, сайлаушылар саны туралы тоқсан сайынғы есептерді дайындау. Нотариалдық әрекеттерді жасау. Халық пен шаруа-фермер қожалығының шаруашылықтар бойынша есепке алу кітабын жүргізу. Белгіленген тәртіпте төлқұжаттық жүйе, азаматтарды тіркеу ережелерінің орындалуына бақылауды жүргізу. Халық санағын үйлестіру және мәліметтерді дайындау. Мемлекеттік мерекелер мен айтулы күндерге байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру. Аумақтың экология, санитарлық жағдай, абаттандыру және көгалдандыру мәселелері. Халықтың әлеуметтік қорғалуы мен жұмыспен қамту мәселелері. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Туысқансыз адамдарды жерлеу мен зираттар және өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда күтіп ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қорғалжын ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.  Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

«Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» ММ

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.

                                                                                                                   (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы:__________________________________________________

__________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

         e-maіl: _______________________________________________________

         ЖСН: ________________________________________________________

 

_______                 ____________________________________

 (қолы)                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

«___»_______________ 2024 ж.

 

«Б» корпусыныңАқмола облысы жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс
Дата публикации
06 декабря 2024