ХАБАРЛАМА
2024 жылы 17 қарашада Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкімін сайлау бір округ бойынша өтті.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9 ) тармақшасына,44 – 2- тармағына,45 бабына,113-10- бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасы сайлау қортындыларын анықтады:
Амангелді сайлау округі
Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 286 азамат кіреді, оның 165 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 4, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 3.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Дюсембаев Меирман Қабылдаұлы – 1;
Мамыраемов Самат Өкешұлы – 153;
Текенов Уалихан Қанатұлы – 4.
Амангелді ауылдық округінің сайланған әкімі – Мамыраемов Самат Өкешұлы, 1975 жылы туған, Амангелді орта мектебінің мұғалімі, Амангелді ауылдық округі, Өркендеу ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45 бабына сәйкес № 19/69 19 қараша 2024 жылғы шешімімен 2024 жылы 17 қарашада болған әкім сайлауының қортындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкімін тіркеді.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы