2024 жылғы 17 қарашаға белгіленген Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округінің әкімін сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама
2024 жылғы 12,16,18 тамызда Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәсілімен 3 кандидаттан құжаттар келіп түсті.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.
2024 жылдың 17 қарашаға тағайындалған Амангелді ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың10 қазаннан бастап ағымдағы жылдың 22 қазанына дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы