«2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурс өткізу туралы хабарландыру

«2024 жылы шағын және ортакәсіпкерлікті дамытудағы

жетістіктері үшін» конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

      Конкурсты ұйымдастырушы:
      «Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі»  мемлекеттік мекемесі,

       Орналасқан жері: Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, К.Күмісбеков көш. 30.
      пошталық мекенжайы: 021300, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, К.Күмісбеков көш. 30;
      электрондық пошта мекенжайы: korgsh@mail.ru ;
      байланыс телефоны: 8 (71637) 2-15-36;
      Конкурс нысанасы: Қорғалжын ауданында шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үздік өкілдерін анықтау және белгілеу.
      Конкурс нысаны: ашық конкурс.
      Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық пошта арқылы, көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2024 ж. 17 қазаннан бастап 2024 ж. 31 қазан аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен)
      Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2024 ж. 17 қазан сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)
      Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2024 ж. 31 қазан сағат 17.30 (жергілікті уақытпен)
      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/about?lang=ru сайтында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2-Қосымша

 

Ақмола облысының                                                                            кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасы басшысының

2024 жылғы ______________

№ ______  бұйрығымен

бекітілген

 

 «2024 жылы шағын  және орта кәсіпкерлікті

дамытудағы жетістіктері үшін»

облыстық конкурсын өткізу

шарттары

 

  1. Жалпы ережелер

 

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) кәсіпкерлік саласындағы облыстық атқарушы орган жыл сайын аудандар, Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдіктерімен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен бірлесіп  жүргізеді.

  1. Конкурстың ұйымдастырылуы тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған есеп пен қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.
  2. Конкурстың мақсаттары:
  • Қазақстанның және облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға көмек көрсетуге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін дамытуға бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің беделін көтеру және қызметтерін ынталандыру;
  • Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үздік өкілдерін анықтау және белгілеу;
  • алғы шарттар құру және шағын және орта кәсіпкерлік саласында басқарудың қазіргі әдістерін кең түрде енгізуге көмектесу болып табылады.
  1. Конкурс келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

1) Жылдың үздік кәсіпкері;

2) ауыл шаруашылығы саласындағы үздік кәсіпкер;

3) қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер;

4) үздік әйел-кәсіпкер;

5) қоғамдық тамақтандыру саласындағы үздік кәсіпкер;

  1.   Сыйлықты алғаннан кейін екі жыл бойы сыйлық алуға қайта ұсынысқа жол берілмейді.

 

  1. Комиссияның және Комиссияның жұмыс органының жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Конкурсты өткізу үшін облыстық конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
  2. Комиссияның жұмыс органы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
  3. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
  4. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің құрамының кем дегенде 2/3 болған жағдайда заңды деп саналады.
  5. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен, дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
  6. Комиссия отырысы хаттамамен рәсімделеді.
  7. Комиссияның жұмыс органына келесі міндеттер жүктеледі:

     1) конкурстың өткізілуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

     2) кәсіпкерлік саласындағы аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарынан (бұдан әрі – кәсіпкерлік бөлімдер) түскен құжаттарды қабылдау;

     3) конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмеген конкурс қатысушылары туралы сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындау;   

     4) жеңімпаздарды анықтау туралы ұсыныс хаттамалық шешімдер жобаларын дайындау;

     5) комиссияның қабылдаған шешімдері туралы конкурс қатысушыларын ақпараттандыру;

     6) жеңімпаздарды салтанатты марапаттау мен номинациялар беруді ұйымдастыру.

  1. Комиссияға келесі міндеттер жүктеледі:

      1) конкурс қатысушыларының құжаттарын қарау және жеңімпаздарды анықтау;

      2) конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмеген конкурс қатысушылары туралы сараптамалық қорытындылардың жобаларын қарау және олар бойынша шешім қабылдау.

 

  1. Конкурсқа қатысу тәртібі

 

  1. Конкурсқа қатысуға Ақмола облысында тіркелген және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын ұйымдар жіберіледі (бұдан әрі – қатысушы).
  2. Қайта ұйымдастырылу, таратылу және банкроттық сатыдағы, бюджет алдында қарызы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  3. Конкурсқа қатысу үшін қатысушыларға белгіленген номинациялар бойынша осы Шарттарға 1-қосымшаға сәйкес қатысушысының қызметі туралы ақпаратты қамтитын өтінім-сауалнамасын (бұдан әрі - өтінім) толтыру және комиссияға келесі құжаттар тізбесі ұсыну қажет:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарының көшірмелері (куәлік, жарғы, статистикалық карта және басқалар);

2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі туралы ақпарат  (құрылу тарихы, нарықтық орта жүзеге асырылатын қызметі, және негізгі өндірілетін өнім түрлері (тауар, қызмет) және тағы басқа);

3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің қызметі туралы ақпаратта көрсетілген сертификаттар, лицензиялар және өзге де құжаттардың көшірмелері;

4) түрлі алғыс хаттардың, грамоталардың, дипломдардың, республикалық және халықаралық танулардың және басқа да (бар болған жағдайда) көшірмелер;

5) бюджет алдында берешектерінің  болмауы туралы салық комитетінің анықтамасы;

6) қатысушыларға қайырымдылық мақсаттарға, демеушілік көмек көрсетуге бөлінген қаражаттарды растайтын құжат (бар болған жағдайда);

7) конкурс өткізілетін жылдың алдыңғы қаржы жылындағы пайда және шығындар туралы есеп берумен бухгалтерлік баланстан көшірмелер.

  1. Өтінім берген әрбір қатысушыға құжаттар топтамасын берген күні тіркеу нөмірі беріледі.
  2. Конкурс материалдарында қамтылған ақпарат құпия сипатта болады және пайдаланылуы мүмкін емес, ол конкурс қорытындыларын шығару кезінде қызметін бағалау үшін ғана пайдаланылады.

 

  1. Конкурсты жүргізу тәртібі

 

  1. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімдері, сондай-ақ өтінімдерді және құжаттардың тізбесін беру басталатын, аяқталатын күндері мен уақыттары көрсетіліп, Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
  2. Осы Шарттардың 15-тармағында көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім және құжаттардың тізбесі кәсіпкерлік бөлімдеріне беріледі. Содан соң, кәсіпкерлік бөлімдері үш жұмыс күні ішінде материалдарды жұмыс органына жібереді. Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде материалдарды дайындайды және комиссияның қарауына жолдайды.
  3. Комиссия күнтізбелік он күн ішінде ұсынылған материалдарды қарайды, әр номинацияда конкурс жеңімпаздарын анықтайды және әр номинация бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарды бекітеді.
  4. Жеңімпаздарды анықтау комиссиямен осы Шарттарға 2-қосымшаға сәйкес жалпы және арнайы критерийлер бойынша жүзеге асырылады және

әрбір критерий бойынша1(бірден) 5 (бес) баллға дейін бағаланады.

  1. Жеңімпаздарды комиссияның әрбір мүшесі жеке бағалайды, бағалар кейіннен есептеледі, және әрбір қатысушы үшін жалпы баға шығарылады.
  2. Конкурсанттарды бағалау осы Шарттарға 3-қосымшаға сәйкес балдардың қосындысымен анықталады.
  3. Комиссия шешімі түпкілікті болып табылады.

 

  1. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі
  2. Конкурс жеңімпаздарына әр номинация бойынша

          1) бірінші орынға «Жеңімпаз»;

          2) екінші және үшінші орынға «Лауреат» атағы беріледі.

  1. Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
  2. Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттар тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылы шағын және орта

кәсіпкерлікті

дамытудағы жетістіктері үшін»

облыстық конкурсын өткізу

шарттарына 1-қосымша

 

 

 «2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурсында қатысуға өтінім - сауалнамасы

 

 

1.

Өтінім беруші:

 

2.

Кәсіпорынның атауы,

заңды мекенжайы

 

3.

Тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні

 

4.

Кәсіпорын басшысы

(аты-жөні, тегі, лауазымы, телефон,

факс, электрондық поштаның адресі)

5.

Қызмет түрі:

 

6.

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны:

 

7.

Қызметкерлер саны:

 

8.

Филиалдары

 

 

 

 

Басшы (Аты-жөні, тегі, лауазымы, қолы)

 

МО

 

Өтінімді толтырған күні

 

                               

 

 

 

 

«2024 жылы шағын және

орта кәсіпкерлікті дамытудағы

 жетістіктері үшін»

облыстық конкурсын өткізу

шарттарына 2-қосымша

 

 

«2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурс критерийлерінің тізімі

 

  1. Барлық номинациялар үшін жалпы критерийлер:  

 

1) кәсіпкерлік қызметтің жалпы мерзімі және түрі;

2) кірістердің өсу динамикасы;

3) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту.

 

  1. Номинациялар бойынша арнайы критерийлер

 

«Жылдың үздік кәсіпкері»

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және үлесі.

 

 «Үздік жас  кәсіпкер»

  - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және үлесі.

- 29 жасқа дейін кәсіпкерлер (қоса алғанда).

 

«Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік кәсіпкер»

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және үлесі.

 

«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер»

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және үлесі.

 

«Қоғамдық тамақтандыру саласындағы үздік кәсіпкер»

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және үлесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                «2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті

дамыту саласындағы

жетістіктері үшін»

облыстық конкурсын өткізу

шарттарына 3-қосымша

 

 

 

Номинация:______________________

 

Жалпы  критерийлер:

 

  • кәсіпкерлік қызметтің жалпы мерзімі және түрі;
  • табыстардың өсу динамикасы;
  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту.

 

Арнайы  критерийлер:

  • _________________________________________________________
  • _________________________________________________________

 

 

 

Критерийлер

Қатысушының

№

 

1

2

3

4

5

Балдардың жиыны:

000

(1-5)

(1-5)

(1-5)

(1-5)

(1-5)

(5-25)

000

 

 

 

 

 

 

000

 

 

 

 

 

 

000

 

 

 

 

 

 

000

 

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия мүшесі:_____________________                     ______________

                                                                                                     (қолы)

 

Дата публикации
17 октября 2024