Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауды тағайындау туралы

Қорғалжын ауданы 

Амангелді ауылдық округінің

әкімін кезекті сайлауды

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармақшасына,
113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 4 тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 17 қарашада Қорғалжын ауданы Амангелді    ауылдық округінің әкімін кезекті сайлау тағайындалсын;
  2. Ауылдық округтің әкімін сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде жариялансын.

 

 

Қорғалжын аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                    Б.Байкадамов    

 

Қорғалжын аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                   С.Нуркенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 октября 2024