«Қорғалжын ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарын, ауылдар кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін кезекке қою туралы» Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № А-2/21 қаулысымен бекітілген тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қорғалжын ауданына жұмыс

істеу және тұру үшін келген

денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және

агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарын,

ауылдар кенттер, ауылдық

округтер әкімдері

аппараттарының мемлекеттік

қызметшілерін әлеуметтік

қолдау шараларын ұсыну

үшін кезекке қою туралы»

Қорғалжын ауданы

әкімдігінің 2024 жылғы

19 ақпандағы № А-2/21

қаулысымен бекітілген

тізіміне өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 4 тармағының                                    8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы                            18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық  жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 2/9 «2024 жылға арналған Қорғалжын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес Қорғалжын ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарын, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алатын азаматтар кезекке қойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ-С. Мұхамеддиге жүктелсін.

3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                 Жанбаев Б.А.

Дата публикации
08 октября 2024