Жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдар
жұмыскерлерінің лауазымдық
айлықақыларына ынталандыру
үстемақы жергілікті бюджет
есебінен белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қорғалжын ауданының әкімдігі айқындаған тәртіппен және шарттармен Қорғалжын ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Қорғалжын ауданы жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы жергілікті бюджет есебінен ынталандыру үстемеақысы 30 пайыз көлемінде белгіленсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қорғалжын ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Рыспаев