Қорғалжын ауданының
әкімдігінің «Жер пайдаланушы
«ДАРИУМ-АСТАНА»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі халықтын мұқтажын
шешу мақсатында екі жақтың
келісімімен мүлiктің құнын тең
өтеу туралы» 2024 жылғы
6 мамырдағы№А-05/75
қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының жер кодексіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.Жер пайдаланушы «ДАРИУМ-АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халықтын мұқтажын шешу мақсатында екі жақтын келісімімен мүлiктің тең құнын өтеу туралы 2024 жылғы 6 мамырдағы №А-05/75 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулының 1 пункті келесі редакцияда баяндалсын:
«ДАРИУМ-АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауыл шаруашылық жер телімін уақытша өтеулі ұзақ мерзімге жер пайдалану құқығын 2031 жылға дейін, жалпы көлемі – 1255,01 га, оның ішінде ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер –1252,0 га, (егістік – 1238,0 га, жайылым – 14,0 га) жолдар – 3,0 га, бөтен жер пайдаланушылар – 0,01 га -деп ауыстырылсын және «ДАРИУМ-АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылық жер телімі халықтын мұқтажын шешу мақсатында Майшұқыр елді мекенің жер шекарасына енгізілсін.»
Ғ-С. Мухамеддиге жүктелсін.
3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданының
әкімі Б. Жанбаев