Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен сайлауының қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылы 15 қыркүйекте Қорғалжын ауданының Қарашалғын ауылдық округі әкімін сайлау бір округ бойынша өтті.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9 ) тармақшасына,44 – 2- тармағына,45 бабына, 113-10- бабына сәйкес. учаскелік сайлау комиссияларының Қорғалжын ауданының Қарашалғын ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасы сайлау қортындыларын анықтады:
Қарашалғын сайлау округі
Қарашалғын ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 447 азамат кіреді, оның 255 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 16 , «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 2 .
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Дюсембаев Меирман Қабылдаұлы – 7; Тажмаганбетов Әділхан Шәріпжанұлы –221; Текенов Уалихан Қанатұлы – 9.
Қарашалғын ауылдық округінің сайланған әкімі – Тажмаганбетов Әділхан Шәріпжанұлы,1985 жылы туған, Қарашалғын ауылдық округінің әкімі, Қарашалғын ауылдық округі, Жантеке ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес 17 қыркүйек 2024 жылғы №14 №14 шешімімен 2024 жылы 15 қыркүйекте болған әкім сайлауының қортындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қорғалжын ауданының Қарашалғын ауылдық округі әкімін тіркеді.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы