Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына және "Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы" Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес  «Нұр-Қорғалжын»  газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.

Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.

Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Нұр-Қорғалжын»  газетінде «Сайлау-2024» айдарымен жарияланады.

Қазақстан Республикасының әкімдер кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 250 ( екі жүз елу) теңгені құрайды.

 

Дата публикации
21 августа 2024