2024 жылғы 15 қыркүйекке белгіленген Қорғалжын ауданының Қарашалғын ауылдық округінің әкімін сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2024 жылғы 15 қыркүйекке белгіленген Қорғалжын  ауданының Қарашалғын  ауылдық округінің әкімін сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

            2024 жылғы 12,16,18  тамызда Қорғалжын  аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәсілімен 2 кандидаттан құжаттар келіп түсті.     1 кандидат «Аманат» партиясынан ұсынылды.

            Қорғалжын  аудандық сайлау комиссиясы Қорғалжын  ауданының  Қарашалғын  ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.

            2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалған Қарашалғын  ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 8 тамыздан бастап ағымдағы жылдың 20 тамызға дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

 

Қорғалжын  аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
19 августа 2024