2024 – 2026 жылдарға арналған Қорғалжын ауданының әкімдігі, аудандық жұмысшылар бірлестігі және аудандық жұмыс берушілер бірлестігі арасында КЕЛІСІМ

2024 – 2026 жылдарға арналған Қорғалжын

ауданының әкімдігі, аудандық жұмысшылар бірлестігі

және аудандық жұмыс берушілер бірлестігі арасында

КЕЛІСІМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жыл, Қорғалжын

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптарының уәкілетті өкілдері және жеке түрде Тарап, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қатаң сақталуын мойындай отырып, преоритеттік өкілдік қағидаттарын және Тараптардың теңдігін, әрбір Тараптың өзара құрмет пен қабылданған міндеттемелердің орындалуына жауапкершілігін және сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері арасында 2024-2026 жылдарға арналған келісімді жасады (әрі қарай - келісім).

Келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы ережелерді қамтиды;  бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар қабылдау; әлеуметтік-еңбек саласындағы даулардың, жанжалдардың және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар, оның ішінде еңбек дауларын шешуде жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдеріне жәрдемдесу және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі кеңестің қызметі, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі ережелер, оның орындалуын бақылау тәртібі, өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.

 

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ДИАЛОГ

 

        Әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту жөніндегі келісім шеңберінде Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады:

  1. леуметтік әріптестіктің деңгейде, тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу бойынша әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның (бұдан әрі – өңірлік үшжақты комиссия) рөлін күшейту жөніндегі бірлескен жұмыс бойынша.

Тараптар үшжақты комиссияның отырыстарында тұрақты түрде бірлескен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ оның еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша және еңбек қатынастарына тікелей қатысты басқа да мәселелерді, сонымен қатар әлеуметтік – экономикалық қатынастар бойынша шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындауға міндеттеледі.

Үшжақты комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдері әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары көрсетілген мерзімде міндетті түрде қарауға және орындауға тиіс;

  1. барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұжымдық шарттар жасау міндеттілігін мойындай отырып, ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын қолдануды кеңейту бойынша;
  2. облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін әлеуметтік әріптестік шарттары мен ұжымдық шарттардың міндеттемелерін орындауға жәрдемдесу;
  3. Қорғалжын ауданында ұжымдық шарттардың жасалуын бақылау және еңбек ұжымдарының конференциялары мен жиналыстарында олардың орындалуы туралы жыл сайынғы есеп беру;
  4. мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу;

6.ауданның (тараптардың) кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелінде қалалық, аудандық және салалық келісімдерді, ұжымдық шарттар жасасуға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге;

  1. 2024 жылы үшжақты комиссия (аудандық) туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) жаңа редакцияда әзірлеу және қабылдау туралы.

 

  1. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

 

Келісім шеңберінде Тараптар аймақтың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау бойынша міндеттемелер алды:

  1. өңірдегі кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға, өңірлерді орнықты дамытуға бағытталған стратегиялық құжаттарда белгіленген экономика салаларындағы негізгі реформаларды іске асыруда бірлескен күш-жігерді біріктіру бойынша;
  2. жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдерінің әлеуметтік, еңбек және басқа да байланысты қатынастарды қозғайтын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың тиімділігін, нормативтік және нақты әсерін дайындауға, сараптауға, іске асыруға және бағалауға қатысуына ықпал ету.

      Тараптар әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның қарауына өз ұсыныстарын шығара отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық жоспарларын/құжаттарын әзірлеуге қатысуға келісті.

      Тараптар сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды талдауға қатысады, қажет болған жағдайда тиісті құжаттарды нақтылау жөнінде ұсыныстар береді (өңір халқының жұмыспен қамтылуын және табысын қалпына келтіруді, экономиканың өсуін және өңір экономикасындағы ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді, өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағыттарын, жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің жоспарларын және басқа да құжаттарды қоса алғанда);

  1. стратегиялық жоспарлау құжаттарын ескере отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамының негізгі параметрлерін қарауға қатысу бойынша;
  2. Қорғалжын ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы;
  3. әкімдік күштерімен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қолдауын күшейту және олардың қоғамға кірігуі үшін жағдай жасау бойынша пәрменді шараларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша.

 

3.ӨҢІРДЕГІ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 

Өңірлік келісім шеңберінде өңірде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту үшін Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады:

  1. сапалы жұмыс орындары үшін жағдай жасау және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын құру.

          Жұмыс берушілер бос орындар болған жағдайда ақпараттық деректер банкін құру үшін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне кадр қажеттілігі туралы мәліметтерді беруге міндеттеледі;

 

  1. мамандықтар бойынша ауданың экономикасының кадрларға жылдық болжамды сұранысын анықтау; кәсіптік бағдар беру жүйесін дамыту; ішкі оқытуды дамыту, тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету;

 

  1. жұмыс күшінің ұтқырлығын және көші-қонын ынталандыру, еңбек қатынастарын ресімдеу және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлері бойынша әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту; жұмыс берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшiн заңсыз тарту жағдайларына жол бермеу, еңбек жағдайларын сақтамау фактiлерiн, бiлiктiлiгi бiрдей жұмыс үшiн жалақыдағы диспропорцияларды болдырмау;

 

  1. «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізуді қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық PR-науқандар арқылы көгілдір кәсіптердің беделін арттыру.

 

  1. еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруге жәрдемдесу;
  2. қаржылық, экономикалық және басқа да дағдарыстардың салдарымен байланысты төтенше жағдайларды қоспағанда, жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуын болдырмау (жұмысшылардың жалпы санының 10%-дан астамы).

Жұмысшыларды жаппай босату қаупі төнген жағдайда (жұмыс істейтіндер санының 10% - дан астамы) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік органды, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды және кәсіподақты хабардар етсін.

Өзара консультациялар негізінде тараптар қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп қаржыландыру көздерін айқындай отырып, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру жөніндегі шұғыл іс-шаралар бағдарламасын әзірлейтін болады;

 

  1. аудандық барлық деңгейдегі оқу орындарының (жоғары оқу орындарының, колледждердің) студенттердің практикалық сабақтары туралы келісімдер жасасуына ықпал ету;

 

  1. жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға, оның ішінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесте уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге ерекше көңіл бөлу туралы;

 

  1. жыл сайын облыста жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты азайту бағдарламаларын әзірлеу.

 

  1. ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ , ӨНДІРІСТІК

ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

 

Келісімге сәйкес Талаптар адами капиталды сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

  1. әлеуметтік - еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге, оның ішінде кәсіпорын басшыларын гендерлік саясат және кемсітуге қарсы шаралар бойынша оқытуды ұйымдастыру жолымен, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде көмек көрсету, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы отбасы және гендерлік саясат;

 

  1. өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі кеңестер мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіруге;
  2. азаматтық қызметшілерге,мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;

 

  1. қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру жұмыстарын(кеңестер,семинарлар,тренингтер,конференциялар және т.б) ұйымдастыру және жүргізу бойынша;

 

  1. жұмыс берушілердің (еңбекақы бойынша берешегі бар) берешекті төлеу кестелерін орындауы және әзірленген шараларды іске асыруы туралы;

 

  1. жұмыс беруші қызметкерлердің ақшалай кірістерінің сатып алу қабілетін қолдау мақсатында жыл сайын бірінші тоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы өткен жыл үшін айқындаған инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жалақыны индекстейді,кәсіпорынның (жұмыс берушілердің) қаржылық жағдайы мен бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып;

 

  1. ұжымдық шарттарда,келісімдерде,ұйымдардың жергілікті нормативтік құқықтық актілерінде еңбекақы төлеу жүйесін белгілеу және еңбекті нормалау жүйесін айқындау кезінде жұмыс берушілер қызметкерлер  өкілдерінің(жұмыс берушілердің) пікір ескеруге міндетті;

 

  1. келісімдерді және ұжымдық шарттарды қайта қарау (жасау), оларға өзгерістер мен толықтырулар кезінде қызметкерлердің жалақысының, әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктердің деңгейін келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта қарау (жасау)  кезінде қолданылғанмен салыстырғанда төмендетуге болмайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар (Тараптар) енгізу.
  2. өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың функцияларын жүзеге асыратын қызметкерге көтермелеу мақсатында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде ай сайынғы қосымша ақы төлеуге, кәсіпорнынның (жұмыс берушілердің) қаржылық жағдайы мен бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына жыл сайын бекітілетін ең төменгі айлық жалақының мөлшер шарты. 

 

  1. нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ салалық келісімдердің, ұжымдық шарттардың белгіленген талаптарына сәйкес жұмыскерлерге жасалған еңбек жағдайларының, өндірістік және экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйін реттеуші мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеруді тәжірибеде кеңінен колдану туралы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (тараптарда) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК -ЕҢБЕКТІК ДАУЛАР, ҚАҚТЫҒЫСТАР

ЖӘНЕ ЕРЕУІЛДЕР

 

  1. еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге көмектесу, ұжымдық шарттарды реттеу тәжірибесін дамыту және аудандық ұшжақты комиссиялардың отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарау.

      Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары,одақтары) және кәсіподақтар жеке еңбек дауларын қарау кезінде келісу комиссиясына, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде келісім комиссиясына және еңбек арбитражына қатысу арқылы әлеуметтік әріптестік тетіктері арқылы өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіреді. Жұмыс беруші келісім комиссиясының құрамына бірлестіктерді енгізуге құқылы.

 Жанжал туындаған жағдайда Тараптар наразылық болған жерде дереу баруды ұйымдастырады, себептерін анықтайды, жанжалды шешу жолдарын анықтайды, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

 

  1. еңбек даулары мен жанжалдарды шешудің қолданыстағы тәртібін, әлеуметтік -еңбек саласындағы ұжымдық шарттарды реттеуді жетілдіру;

 

  1. еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа  кол жеткізу үшін жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде жанжал жағдайын тудыру ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарында;

 

  1. жұмыс беруші ұйым экономикалық дәрменсіздігі (банкроттығы) жағдайында қызметкерлердің материалдық құқықтарын қолдау шаралары бойынша консультациялар өткізу туралы;

 

  1. ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі кеңесті (бұдан әрі -Кеңес) тепе-теңдік негізде құру туралы.

Кеңестің саны мен құрамын әлеуметтік әріптестік Тараптарының ұсыныстары негізінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссия айқындайды және Кеңестің қызметі туралы Ережеде көрсетіледі,Тараптары да отырыста қабалданады;

 

  1. әлеуметтік -еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге, оның ішінде гендерлік саясат және кемсітуге қарсы шаралар, сондай-ақ балалар еңбегінің ең сорақы нысандарын жою жөніндегі басқарма басшыларын оқытуды ұйымдастыру жолымен жәрдемдесу;

 

  1. еңбек жағдайларды мен еңбекті қорғау мониторингі жүйесін дамыту, оның ішінде өнірдегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өндісістік жарақаттану және кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйі туралы ақпаратты үшжақты комиссияның отырыстарында қарау;

 

  1. бірлескен іс- шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде тараптардың қолында бар ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, еңбек жанжалдарын болдырмау;

 

  1. жанжал жағдайының туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарымен әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің ай сайынғы жұмыс кездесулерін өткізу туралы .

 

  1. КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІ

 

  1. Әкімдік уәкілетті құрылымдық бөлімше атынан өзінің ресми сайтында "Әлеуметтік әріптестік" бөлімінде әлеуметтік әріптестікке байланысты барлық құжаттарды, оның ішінде келісімді, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, ол бойынша мерзімді есептілікті, ереже және отырыстарының барлық хаттамалары (жылына кемінде 2 рет) орналастыруды қамтамасыз етеді;

 

  1. Тараптар осы келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде өзіне қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге және нақты мерзімдерді және орындауға жауапты тараптарды көрсете отырып, келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастыру және оны аудандық үшжақты комиссияда одан әрі қарау және бекіту үшін Ақмола облысының әкімдігіне жіберуге міндетті.

 

  1. Келісім іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу Ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Келісім іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингтеу қорытындылары бойынша аудандық үшжақты комиссия Тараптардың орындауына міндетті шешімдер қабылдайды. Аудандық үшжақты комиссияның шешімдері осы  келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

 

  1. Тараптар өздерінің ресми интернет-ресурстарында келісімді іске асыру, аудандық үшжақты комиссияның қызметі, әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелеріне арналған материалдарды тұрақты жариялауды жүзеге асырады.

 

  1. Аудандық үшжақты комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Аудандық үшжақты комиссия жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды.

 

  1. Аудандық үшжақты комиссияның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын жария ету мақсатында Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамытуға және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялауды қамтамасыз етеді.

 

  1. ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

 

  1. Тараптар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданатын, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымша келісімдермен ресімделетін және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енетін осы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы.

Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген және (немесе) Келісімнің кез келген тарапының міндеттемелерін орындауға тікелей ықпал ететін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, Тараптар оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға міндетті.

 

  1. Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өзгертілген редакциямен келісімнің мәтінімен бірге ресми жариялануға тиіс.

 

  1. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

  1. Тараптар келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ келісімнің орындалуын бақылау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға, осы келіссөздерді жүргізу мерзіміне сәйкес Келісімге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерге қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар айқындайтын мерзімдерде үшжақты комиссияның өңірлік жұмысын қамтамасыз етуге жауапты.

Тараптар осы Келісім қызметкерлер үшін экономика, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктер саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындайтын әлеуметтік әріптестіктің базалық құжаты болып табылатынына келісті және оның тимді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:

1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Тараптардың әрқайсысы өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау жөнінде шаралар кешенін әзірлейді, Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарынын жобасын қалыптастыру және оны аудандық комиссияның отырысында одан әрі қарау және бекіту үшін оларды Қорғалжын ауданының әкімдігіне жібереді;

2) Тараптардың әрқайсысы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар еңгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, хаттамамен рәсімделеді және Келісімнін ажырамас бөлігі болып табылады жене оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар еңгізу туралы хаттамаға қол койылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс, Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде еңгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;

3) аудандық комиссияның Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарынын бірі болып табылады;

4) аудандық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және келісімді іске асыру женіндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті;

5) салалық және өңірлік (облыстык, қалалық, аудандық) келісімдер осы Келісіммен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс;

6) Тараптардың әрқайсысы салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді өзірлеуге жене қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына еңгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы калған тараптарды хабардар стеді,

  1. Келісімнің күші, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, облыс аумағында орналасқан жіберуші Тараптын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне, кәсіптік одақтар бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), сондай-ақ, қабылдаушы Тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
  2. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 25 желтоксаннан кешіктірілмей жасалуға тиіс және келесі кезенге жана келісім кабылданғанға дейін қолданылады.
  3. Қорғалжын ауданының әкімдігі келісімге қол қойылғаннан кейін оны

Қорғалжын ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

  1. Келісім Қорғалжын ауылында жасалды «___»____2024 жылы 4 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілінде бір-бір данадан.

Осы Келісім-шартқа қол қойды:

 

 Қорғалжы ауданы әкімдігінен

  Корғалжын аудан әкімі                                                  Б.А.Жанбаев

 

Аудандық жұмысшылар бірлестігінен

Кәсіподақтардың үйлестіру

кеңесінің төрағасы                                                          Н.Е. Тәжин

 

Аудандық жұмыс берушілер бірлестігінен

«ЖАР-ЖАҚ»АШӨК төрағасы                                     Б.Тусупбеков

 

Дата публикации
03 июля 2024