Мемлекет басшысының 2023 жылғы 20 қарашадағы «Халықпен кездесулер өткізу туралы» № 399 Жарлығын іске асыру мақсатында 2024 жылы 13-15 мамыр аралығында ауданда 26 кездесу өткізілді, оның ішінде 8 аудан әкімінің қатысуымен, 18 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.
Әкімнің халықпен кездесуін өткізу туралы хабарландыру: Аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде 2024 жылдың 2 мамырында № 23 және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды. Әрбір елді мекенде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды.
Кездесулер жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігінде баяндама оқылса, уақыттың қалған бөлігі «сұрақ-жауап» форматында өткізілді.
Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Кездесулерге барлығы 208 адам қатысты. 8 адам сөз сөйледі, 34 ұсыныс түсті.
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер: тұрғын үй қатынастары - 7 (20,6 %), жер қатынастары - 5 (14,7 %), автомобиль жолдарын жөндеу және салу - 1 (2,9 %), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін жөндеу және салу - 2 (5,8 %), сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрлендіру, телефондандыру және интернет жүргізу - 6 (17,6 %),
кәсіпкерлік - 1 (2,9 %), абаттандыру, санитарлық тазарту және экология - 2 (5,8 %), басқа мәселелер бойынша – 10 (29,4%).
Кездесу қорытындысы бойынша барлық 34 ұсыныс қаралып, 2 ұсыныс Қорғалжын ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Аудан әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.
Есеп беру кездесулерінде аудан және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.
Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.