Жер теліміне шектеулі
жер пайдалану құқығын
орнату туралы
(қауымдық сервитут)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, "Астаналық Қазақстан инженерлік-жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № ЗТ-2024-03943631 өтініші негізінде Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұзындығы 70 км, Сабынды ауылдық округі жерінде Нұра топтық су құбырынан құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер теліміне уақытша өтеулі ұзақ мерзімге жер пайдалану құқығын жалға 5 жылға дейін шектеулі жер пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы орнатылсын.
2.«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын сақтасын;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдансын;
3) жұмыс аяқталғаннан кейін, бұзылған жер учаскелерін нысаналы тура мақсатта пайдалану үшін қалпына келтірсін.
3. Жоғарыда қойылған мерзім өткен соң осы қаулының күші жойылсын деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы Д. В. Бейсембековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жанбаев