«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04.2024 - 03.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
08.05.2024
Сұхбат: 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87028282904
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 219406
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Арықты ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, E-G-3
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Іс қағаздарын жүргізу, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және азаматтық
хал актілерін тіркеу. Жоғары тұрған органдар мен өздерінің нормативтік
актілерін орындау бойынша бақылау. Азаматтардың өтініштері мен арыздарын
уақытында қарау. Прокуратура органдарына «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау туралы» ҚР Заңын орындау бойынша есепті жасау.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру.
«Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында, мекемелерінде,
ұйымдарында, оқу орындарында әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылатындар есебін жүргізу тәртібі туралы» қолданыстағы нұсқаулыққа
сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындар есебінің толықтығы
мен сапалығын қамтамасыз ету. Мүлік, көлік құралдары, жер салықтарын
жинауды ұйымдастыру және жүргізу. Салық төлеушілер мен салық салынатын
объектілердің есебін толық және уақытылы жүргізу. Салықтар бойынша толық
төленбеген төлемдерді жою бойынша жұмыс. «Сайлаушы» ТАЖ бағдарламасы
бойынша сайлаушылар тізімін түзету, ай сайынғы сайлаушылар тізімін
салыстыру, сайлаушылар саны туралы тоқсан сайынғы есептерді дайындау.
Нотариалдық әрекеттерді жасау. Халық пен шаруа-фермер қожалығының
шаруашылықтар бойынша есепке алу кітабын жүргізу. Белгіленген тәртіпте
төлқұжаттық жүйе, азаматтарды тіркеу ережелерінің орындалуына бақылауды
жүргізу. Халық санағын үйлестіру және мәліметтерді дайындау. Мемлекеттік
мерекелер мен айтулы күндерге байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуді
ұйымдастыру. Аумақтың экология, санитарлық жағдай, абаттандыру және
көгалдандыру мәселелері. Халықтың әлеуметтік қорғалуы мен жұмыспен қамту
мәселелері. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты
ұйымдастыру. Туысқансыз адамдарды жерлеу мен зираттар және өзге де
жерлеу орындарын тиісті жағдайда күтіп ұстау бойынша қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру.
Білімі бойынша талап:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім,әлеуметтік ғылымдар, журналистика
және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану
ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттықкоммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс
салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария
немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік
және әскери.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.