«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04.2024 - 03.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
08.05.2024
Сұхбат: 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87028282904
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі персоналды басқару қызметі (кадр бөлімі) басшысы, E-3 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Кадрлық қызметтің қызметіне басшылық етеді. Тәртіптік, аттестациялық,
конкурстық жене кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін
ұйымдастырады.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды
жүргізу,конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында
ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік
жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шыгару
рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Марапаттау комиссиясының,
тәртіптік комиссиясының, мемлекеттік жұмыс өтілін анықтау комиссиясының
құжаттарын дайындау. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін анықтау бойынша
мемлекеттік органдардың комиссия жұмысына қатысу.
Кадрлар іріктеуді ұйымдастырады,мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді,
мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік
қызметшелердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы
мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша
автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды
жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін,тәлім
алуын, жұмысын бағалауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды
ұйымдастырады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге
асырады.Әскери есеп үстелібойынша жұмыстар жүргізу. ИИС «Е-қызмет»
жұмыс жүргізу.Жеке бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
мамандарына ИИС "Е-қызмет" бойынша іс жүргізу үшін тәжірибелік көмек
көрсету,
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, педагогика ғылымдары
немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар,
журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану)
немесе жаратылыстану ғылымдары,математика және статистика немесе
қызметтер саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.