«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.04.2024 - 23.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
27.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024
Анықтама телефоны: 87028282904
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бас инспекторы, E-3 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Жергілікті атқарушылық органдар мен ведомствоға бағынышты
ұйымдармен мемлекеттік қызмет көрсетуге және мониторингті жүзеге
асырумен байланысты жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік
қызметтерді ұсыну бойынша ауданның мемлекеттік органдарына әдістемелік
және практикалық көмекті көрсету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
саласында ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша ішкі іс-шаралардың
жоспарын құру. Актіні құрумен мемлекеттік қызметті көрсету саласында
Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу фактілері бойынша бақылау ісшараларын жүргізу. Аудан аумағында мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасын арттыруды қамтамасыз ету. Қызмет көрсетушілердің қатысуымен
мемлекеттік қызметті көрсету саласында қызмет туралы есепті көпшілік
алдында талқылаудың өткізілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді
көрсету процесін автоматтандыру мәселелері бойынша «Азаматтар үшін
үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ өзара әрекет ету. Қызмет
алушылардың өтініштерін қарастыру. Жүктелген міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімінің дербес құрылымдық
бөлімдерімен, мемлекеттік органдармен, мекемелермен, сондай-ақ, өзге де
ұйымдармен өзара әрекет ету.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін
қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша қызмет алушылардың
ақпараттандыруын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша қызмет алушылардың өтініштерін қарастыру. Мемлекеттік қызмет
көрсету сапасын, сонымен қатар, электронды түрде көрсетілетін қызмет
сапасын, ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде көрсетілуін бағалау
және бақылау жөніндегі өкілетті органға ақпарат дайындау және ұсыну.
Өкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, ішкі бақылау
нәтижелеріне қатысты ақпарат дайындау және ұсыну.
Мемлекеттік қызметтің стандарттарға сәйкестілік мәніне сараптама
жүргізуді қамтамасыз ету. Ақпараттандыру саласында өкілетті органмен келісу
бойынша ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін
оңтайландыру және автоматтандыру шараларын іске асыру.
Қызмет көрсетушілердің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсету
бойынша іс-шаралар туралы есептерге қоғамдық талқылауды өткізуді
қамтамасыз ету.
Аудан әкімі аппаратының басшылығы берген тапсырмаларды уақытында
және сапалы орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, педагогика ғылымдары
немесе қызмет көрсету немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және
ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану
ғылымдары, математика және статистика саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.