«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.04.2024 - 11.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
17.04.2024
Сұхбат: 22.04.2024
Анықтама телефоны: 87028282904
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Зорлық-зомбылықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандарттарында көзделген негізгі міндеттер мен
функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді; өз қызметін құқық қорғау
органдары мен халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру
ұйымдарының мамандарымен тығыз байланыста жүзеге асырады; белгіленген
құжаттама мен есептілікті жүргізеді. Ақпараттық-әдістемелік,
консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Отбасының қоғамдағы
жағдайына талдау және мониторинг жүргізеді. Бұқаралық ақпарат
құралдарында отбасын қолдау секторының қызметін жариялау. Бөлім
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын
жүргізеді. Азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Азаматтардың жазбаша және
ауызша өтініштерін талдайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері аппараттарына
әдістемелік басшылық жасауды және көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмысты жүзеге асыру. 18
жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарға қорғаншылық тағайындау бойынша
жұмысты ұйымдастыру. Отбасының қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес
келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Үлгі ережеге
қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындау. Бөлім басшысы
айқындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім, әлеуметтік ғылымдар, журналистика
және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе бизнес, басқару және
құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе еңбекті ұйымдастыру және
нормалау немесе құқықтану) немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс) немесе
денсаулық сақтау немесе білім беру ғылымдары саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
04 апреля 2024