«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.03.2024 - 30.03.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.03.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
03.04.2024
Сұхбат: 08.04.2024
Анықтама телефоны: 87028282904
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 226837
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған тоқсандық ісшараларды жоспарлау мен мақсаттық бағдарламаларды дайындап жүзеге
асыру. Дене шынықтыру және спорт сұрақтары бойынша НҚА және де аудан
әкімінің қаулы жобаларын әзірлеу және қарауға ұсыну.
Дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының, дене шынықтыру
ұжымдарының қызметкерлеріне талапқа сәйкес орнатылған тәртіп бойынша
спорттық разрядтар беру, спорт белгілерімен, сыйлықтармен, диплом,
грамоталармен аудандық жеңімпаздарды марапаттау.
Ауданның құрама командаларының спортшыларын облыстық,
республикалық жарыстарға дайындау және қатысуын қамтамасыз ету. Дене
шынықтыру және спорттың аудандық жоспарын орындалуын бақылайды және
жүзеге асыру. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу.
Бөлім басшысының нұсқаулығымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Бюджетке бекітілген бюджеттік сметаларға лимиттерге сәйкес оларды
дұрыс және тиімді жұмсауды және оларды мақсатты пайдалану, сондай-ақ
ақша және материалдық құндылықтарды бақылау.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім,Педагогика ғылымдары
(дене шынықтыру және спорт) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар
немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық
қатынастар немесе мәдениеттану немесе әлеуметтану немесе психология
немесе кітапхана ісі) немесе бизнес, басқару және құқық саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады