2024 жылғы 18 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

ХАБАР

2024 жылы 18 ақпанда  Қорғалжын ауданының  Қорғалжын ауылдық округі әкімін сайлау бір округ бойынша өтті.

Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына  сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:

Қорғалжын сайлау округі

Қорғалжын  ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 2481 азамат кіреді, оның  1837   дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны -  55   , «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 92   .

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Дуанбеков Н.К, – 1021    ; Дангилов А.Р. –   669      .

Қорғалжын  ауылдық округінің сайланған әкімі – Дуанбеков Нурсултан Кайркельдиевич,1989 жылы туған,  ЖК     «Дария» атқарушы директоры,«AMANAT» партиясы ұсынған , Сабынды  ауылдық округі, Сабынды ауылында тұрады.

Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 февраля 2024