«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.02.2024 - 13.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
19.02.2024
Сұхбат: 22.02.2024
Анықтама телефоны: 87028282904
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас
маман-мемлекеттік сатып алушысы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлім өткізетін мемлекеттік сатып алудың барлық бағыттары бойынша
ұйымдастыру және өткізу; мүдделі тұлғаларды бөлімнің қаржылық жағдайы,
қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық
және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету. Қазынашылық арқылы есеп беру
операцияларын жүзеге асыру. Ақылы қызметтер туралы есептілікті жүргізуді
бақылау. Мемлекеттік қазынаға коммуналдық қызметтерді есепке алу кезіндегі
қаржы-шаруашылық қызметті талдау және оны жоғары органдарға ұсыну.
Ауданның меншігіндегі коммуналдық объектілерді есепке алу және сақтау.
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті ұйымдарға ақпарат ұсыну .
Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру, коммуналдық меншік объектілерін есепке
алу, сенім басқармасын мүліктік жалдауға беру. Бөлім басшысының нұсқауы
бойынша өзге де міндеттерді орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім, техникалық білім: құқықтану,
экономика, қаржы, есеп және аудит
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
09 февраля 2024