АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Аудандық "Нұр Қорғалжын" қоғамдық-саяси газетінің меншік иесі "Нұр Аяу Жан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округінің әкімін сайлауға қатысу үшін үміткерлерді ұсынған саяси партияларды, кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыруға арналған бағалар туралы хабардар етеді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен БАҚ-та сөз сөйлеу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидаттың 0,5 баспа парағынан (А3) аспайтын көлемде екі мақала жариялауға құқығы бар.
Үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсынғаны үшін төлем мөлшері 1 шаршы сантиметр үшін 150 теңгені құрайды.
"Нұр Қорғалжын" газетінің редакциясы