Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындау туралы Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 4/5 «Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес 2024 жылдың 18 ақпанына сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:
- Қорғалжын ауылдық округінің әкімі;
Сонымен қатар, Қорғалжын ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылды
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы