Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қорғалжын ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы тағайындалсын;
- 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Қорғалжын аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Байқадамов
Қорғалжын аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы С.Нуркенова