«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.11.2023 - 09.11.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.11.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
15.11.2023
Сұхбат: 20.11.2023
Анықтама телефоны: 87028282904
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 226837
Майшұқыр ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас
маманы, E-G-3
Функционалдық міндеттері:
Іс қағаздарын жүргізу, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және азаматтық
хал актілерін тіркеу. Жоғары тұрған органдар мен өздерінің нормативтік
актілерін орындау бойынша бақылау. Азаматтардың өтініштері мен арыздарын
уақытында қарау. Прокуратура органдарына «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау туралы» ҚР Заңын орындау бойынша есепті жасау.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру.
«Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында, мекемелерінде,
ұйымдарында, оқу орындарында әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылатындар есебін жүргізу тәртібі туралы» қолданыстағы нұсқаулыққа
сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындар есебінің толықтығы
мен сапалығын қамтамасыз ету. Мүлік, көлік құралдары, жер салықтарын
жинауды ұйымдастыру және жүргізу. Салық төлеушілер мен салық салынатын
объектілердің есебін толық және уақытылы жүргізу. Салықтар бойынша толық
төленбеген төлемдерді жою бойынша жұмыс. «Сайлаушы» ТАЖ бағдарламасы
бойынша сайлаушылар тізімін түзету, ай сайынғы сайлаушылар тізімін
салыстыру, сайлаушылар саны туралы тоқсан сайынғы есептерді дайындау.
Нотариалдық әрекеттерді жасау. Халық пен шаруа-фермер қожалығының
шаруашылықтар бойынша есепке алу кітабын жүргізу. Белгіленген тәртіпте
төлқұжаттық жүйе, азаматтарды тіркеу ережелерінің орындалуына бақылауды
жүргізу. Халық санағын үйлестіру және мәліметтерді дайындау. Мемлекеттік
мерекелер мен айтулы күндерге байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуді
ұйымдастыру. Аумақтың экология, санитарлық жағдай, абаттандыру және
көгалдандыру мәселелері. Халықтың әлеуметтік қорғалуы мен жұмыспен қамту
мәселелері. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты
ұйымдастыру. Туысқансыз адамдарды жерлеу мен зираттар және өзге де
жерлеу орындарын тиісті жағдайда күтіп ұстау бойынша қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру

Дата публикации
02 ноября 2023