Қорғалжын ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2023 жылдың екінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстарды және ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары
|
№ |
Іс -шаралар |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
Ағымдағы орындалуы |
|
1. |
М. Жұмабаев көшесіндегі көпірді жөндеуге сметалық құжаттар әзірлеу |
2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
Ғ-С. Мұхамедди М.Ғ. Рахимов Б.Ш. Байкадамов |
орындалуда. Қорғалжын ауылындағы М. Жұмабаев көшесіндегі көпірді реконструкциялау үшін жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеуге жергілікті қаражат есебінен 150 000 теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық конкурс өткізілді, «Ешкеев Азат Изатұлы» ЖК жобалық-іздестіру жұмыстарының құжаттарын дайындау бойынша жұмысты жеңіп алып, аяқтады. Қазіргі уақытта М. Жұмабаев көшесіндегі көпірді реконструкциялау үшін жобалау-іздестіру жұмыстарының құжаттарына сәйкес сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат сұралады. |
|
2. |
Сабынды-Алғабас автожолын тегістеу |
2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
Ғ-С. Мұхамедди М.Ғ. Рахимов М.Б. Хамитжанов |
орындалды. Сабынды-Алғабас 5,4 шақырым грейдерлі автожолын тегістеу жұмыстары жүргізілді. |
|
3. |
Майшұқыр ауылында салынып жатқан жолдың сапасы туралы |
2023 жылғы 1 қарашаға дейін |
Ғ-С. Мұхамедди М.Ғ. Рахимов М.М. Самуратов |
орындалды. Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалы 2023 жылғы 19 қыркүйекте Қорғалжын ауданы Майшұқыр ауылындағы кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу объектісінде орындалатын жол-құрылыс жұмыстарының сапасына тексеру жүргізді. |
Аудан әкімі аппараты