Қорғалжын ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2023 жылдың бірінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстарды және ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары  

Қорғалжын ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2023 жылдың бірінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстарды және ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары

 

№

Іс -шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты

Ағымдағы орындалуы

1.      

Қараегін ауылында спорт алаңын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау

2023 жылғы                               1 желтоқсанға дейін

Ғ-С. Мұхамедди

М.Б. Хамитжанов

А.Б. Аманжолов

орындалды.                                                               21 млн. 209 мың теңгеге Қараегін ауылына көпфункционалды спорт алаңы құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленді.

2.      

Қорғалжын ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы                               1 желтоқсанға дейін

Ғ-С. Мұхамедди

Е.З. Мустафин

М.Г. Рахимов

орындалуда.

Еріктілер мен қоғамдық жұмыскерлердің көмегімен А.Төлеубаев атындағы орта мектептің маңын, Қорғалжын-Астана тас жолы бойындағы бекеттен бастап, «Дударай» стелласына дейін, Қорғалжын-Баршын тас жолы бойынлағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына дейін және Ә.Шабатов атындағы алаңына тазалық жұмыстары жүргізілді.

3.      

Кәсіпкерлер үшін өтеусіз несие алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы                               1 тамызына дейін

Ғ-С. Мұхамедди

К.Х. Жұмашев

орындалды.

Аудан  кәсіпкерлері арасында өтеусіз несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар қағидаларына сәйкес экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында бастаушы кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін.    Хабарландырулар жергілікті газетке, аудан әкімінің сайтына, әлеуметтік желіге салынды, барлық мәселелер бойынша түсіндірілді.

2023 жылдың тамыз айында «Қожамжаров» ЖК «Қорғалжын-саяжайы» жобасы бойынша туризм саласында «Бинестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 5 млн грант  жеңіп алды.    

2023 жылдың тамыз айында «Қожамжаров» ЖК Нұра өзенінің жанында қонақ үй ашты.

 

 

 

Аудан әкімі аппараты

 

 

 

Дата публикации
27 сентября 2023