|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 8-1-қосымша
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
- Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға, Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, олардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі тізбеде келтірілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
- Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жолдама беру күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Портал немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тапсырған кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұраныс қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдаманы:
осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес микрокредит алуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдаманы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдаманы;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдаманы қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің шағымы қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға жіберілмейді.
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
|
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша
|
Нысан
| |
____________________________ ауданының (қаласының) халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _____________________________________ мекенжайы бойынша тұратын ______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жүктеу
|
Өтініш
Маған кәсіптік оқытуға; "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне
оқуға; микрокредит алуға; жастар практикасына; әлеуметтік жұмыс орнына ("Алғашқы
жұмыс орны" / "Ұрпақтар келісімшарты" / "Күміс жас" жобасына қатысуға); қоғамдық
жұмысқа: қоныс аударуға (қажеттісінің астын сызыңыз) жолдама беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес
деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
___________________ ______________
Күні қолы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші 20__ жылғы "___"
________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
___________________ ______________
Күні қолы
|
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру"
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Мемлекеттік корпорация; 3) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал); 4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz).
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні; 2) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды: осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдама; осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдама; осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес микрокредит алуға жолдама; осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдама; осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама; осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдама; осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдама беру немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін.
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; 3) Порталда және Электрондық еңбек биржасында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттар ұсынады: кәсіптік оқытуға жолдама алу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); 2) еңбек кітапшасы (бар болса); 3) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) (бар болса); 4) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама; "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдама алу үшін: жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); микрокредит алуға жолдама алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); жастар практикасына жолдама алу үшін: 1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); 2) еңбек кітапшасы (бар болса); 3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат; әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін: 1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); 2) еңбек кітапшасы (бар болса); 3) білімі туралы құжат (бар болса); қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін: 1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); 2) еңбек кітапшасы (бар болса); 3) бар болса білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат). Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса: ата-анасының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді; оқу орнынан оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады. қоныс аударуға жолдама алу үшін: 1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); 2) еңбек кітапшасы (бар болса); 3) білімі туралы құжат (бар болса). Порталда: жеке басты куәландыратын құжат пен деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады; Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына: мемлекеттік қызмет көрсету үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болғанда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе Портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін айқындау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшада авторланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдаланып, мобильдік қосымшада авторланудан өту қажет, одан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, керек құжатты таңдау қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және статусы туралы ақпаратты Порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777.
|
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары