2023 жылғы 4 маусымда өткен Қорғалжын ауданының Арықты және Қызылсай ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес. учаскелік сайлау комиссияларының Қорғалжын ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Арықты сайлау округі
Арықты ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 489 азамат кіреді, оның 432 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 14, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Баешев Н.А. - 6; Мажитова Г.З. - 393; Шекенов Ж.Б. - 19.
Арықты ауылдық округінің сайланған әкімі – Мажитова Гульмира Зейнуллиновна,1969 жылы туған, «Арықты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы «AMANAT» партиясы ұсынған ,Арықты ауылдық округі, Арықты ауылында тұрады.
Қызылсай сайлау округі
Қызылсай ауылдық округі әкімін сайлауға:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 334 азамат енгізілді, оның 323-сі дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 1, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 5.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Ахметбеков М.А. 276; Ергалиева А.Ш. - 12; Шермухан Ә.М. - 29.Қызылсай ауылдық округінің сайланған әкімі - 1988 жылы туған, Қызылсай ауылдық округінің әкімі Ахметбеков Мұрагер Аужанұлы, «AMANAT» партиясы ұсынған, Қызылсай ауылдық округі Шалқар ауылында тұрады.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы