|
№ |
Іс -шаралар |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
Орындалуы |
|
1. |
Қорғалжын ауылында жол жүру белгілерін орнату жұмыстарын жүргізу |
2020 жылғы 1 қарашаға дейін |
Ғ-С.Мұхамедди Е.Мұстафин |
Қорғалжын ауылында жол жүру белгілерін орнату жұмыстары көше жолддарына асфальт төселгесін қою жоспарланып отыр, құжаттары дайындалып бюджеттік қаралымға жіберілді. |
|
2. |
Қорғалжын ауылында 5 көшеге (Е.Дүйсенбаев, К.Күмісбеков, Ә.Шабатов, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу |
2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
Ғ-С.Мұхамедди Л.Ж.Елеуов Е.Мұстафин |
Қорғалжын ауылында 5 көшеге (Е.Дүйсенбаев, К.Күмісбеков, Ә.Шабатов, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалды. Мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 300 мың теңге қаражат қажет, қаражат бөлу үшін аудандық мәслихат сессиясына бюджеттік қаражат бөлу туралы құжаттар енгізілді. Сессияда бекітілген соң, құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Сарапманың оң қорытындысы алынған соң, көшелерге жарықтандыру жүргізіледі. |
|
3. |
Ауыл шаруашылық малдарына ветеринарлық вакцинациялау шараларын толық жүргізу |
2020 жылғы 1 қарашаға дейін |
Ғ-С.Мұхамедди Қ.Ш.Есжанов |
Мынадай эпизоотиялық шаралар жүргізілді: Сарп (Бруцеллез) ауруына: ІҚМ - 15 051 бас, оң нәтиже бергені 51 бас немесе 0,34% құрайды, сойылып өткізілгені-37 бас. ҰҚМ -21000 бас, оң нәтиже бергені 1 бас, 0,004% құрайды. Ауыл шаруашылық малдарының жарты жылдық жоспары бойынша егілгендері: Сібір жарасына ІҚМ-22400 бас, ҰҚМ-26000 бас, қарасанға-14400 бас, нодулярлық дерматитке -20 000 бас, туберкулезге-22400 бас, құтырмаға ІҚМ-1000 бас, ҰҚМ-500 бас, ит-400, мысық-100, жылқы маңқасына-500 бас. А.ж. 1 шілдесінде дейін 262 қанғыбас ит,9 мысық ауланды, өртеліп, жойылды. |