2022 жылғы "Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
"Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы № 39/НҚ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес 24 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
|
№ п/п |
Мемлекеттік қызмет коды |
Мемлекеттік қызметтердің атауы |
Барлығы (көрсетілген қызметтер саны) |
ГК |
ЭҮП |
МО |
|
1 |
203006 |
Еңбек иммигранттарына рұқсатты беру және ұзарту |
187 |
187 |
0 |
0 |
|
2 |
404001 |
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу |
1 |
0 |
1 |
0 |
|
3 |
704002 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау |
194 |
0 |
194 |
0 |
|
4 |
704004 |
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау |
84 |
0 |
0 |
84 |
|
5 |
704005 |
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
6 |
704408 |
Ақталған адамға куәлік беру |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
7 |
705002 |
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
14 |
4 |
10 |
0 |
|
8 |
705003 |
Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
16 |
5 |
11 |
0 |
|
9 |
705004 |
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
10 |
705005 |
Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
11 |
705006 |
Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
8 |
1 |
7 |
0 |
|
12 |
705007 |
Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
37 |
10 |
27 |
0 |
|
13 |
705008 |
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу |
2 |
2 |
0 |
0 |
|
14 |
705009 |
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу |
1 |
1 |
0 |
0 |
|
15 |
706002 |
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
16 |
2701001 |
Тұрғын үй көмегін тағайындау |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
17 |
201004 |
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
6 |
6 |
0 |
0 |
|
18 |
201005 |
Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
57 |
0 |
57 |
0 |
|
19 |
201006 |
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
20 |
201007 |
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру |
169 |
168 |
1 |
0 |
|
21 |
2010013 |
Азаматтық хал актілері жазбаларын жою |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
22 |
401001 |
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
37 |
0 |
7 |
30 |
|
23 |
401002 |
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
9 |
5 |
1 |
3 |
|
24 |
402001 |
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
184 |
76 |
108 |
0 |
|
|
|
Жиыны: |
1006 |
465 |
424 |
117 |
24 мемлекеттік қызмет ішінен 8 азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі, және 15 халыққа әлеуметтік қолдау көрсету қызметі,1-жұмыспен қамту. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын есепке алуға ерекше назар аударылды, әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдарды есепке алу журналдары ашылған.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 2022 жылы 462 қызмет көрсетілді. 8 мемлекеттік қызметтің 4-уі тегін, 4-уі ақылы негізде көрсетіледі.
2022 жылы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметі бойынша электрондық түрде 24 негізделген бас тарту болды.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға шағым түскен жоқ.
"Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ғимаратында халықтың қауқары аз топтары үшін жағдайлар жасалған: пандус, пандустың жанындағы тұтқалар орнатылған, автотұрақ пен тұрақ, сантехникалық жабдық, тактильді ақпарат құралдары (ескерту белгілері, пиктограммалар , тақтайшалар мен жапсырмалар) бар.
Бөлім ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қажетті компьютерлік техникамен және шеткері құрылғылармен жабдықталған. 2022 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 93 Мемлекеттік қызмет ( ЭҮП) көрсетілді.
Бөлім ғимаратында ақпараттық стендтер орналастырылған, оларда бөлімнің жұмыс кестесі, Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қажетті құжаттар тізбесі, өтініштердің үлгілері орналасқан. Байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, қызмет көрсететін мамандардың деректері көрсетілген жұмыс кестелері орналастырылған. Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ауданның ресми әлеуметтік беттерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі бойынша мақалалар жарияланады.
2022 жылы Қорғалжын ауданының интернет-ресурсында 5 мақала жарияланды, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен тұрғындарды қамту-752.
Бөлім басшысы және 3 маман 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттырудан өтті.
Қызмет тұтынушылар қызмет көрсету үдерісінің сапасына , қызмет көрсету туралы ақпаратты ұсыну сапасына, қызмет көрсететін қызметкерлердің қаншалықты сыпайы екендігіне баға беретін сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг үнемі жүргізіледі.
Бөлім басшысы Б.Омаров