«Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша есебі
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші «Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Қорғалжын ауылы Х. Болғанбаев көшесі, 9 үй, телефон 8 /71637/2-14-96. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00 ден 14-30 ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9-00 ден 18-30 ге дейін көрсетіледі.«Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) бір жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні.
2022 жылы Қорғалжын ауданында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын 15 маманға, оның ішінде білім беру саласының 9 маманына 33 733 мың теңгеге, 3 денсаулық сақтау саласының маманына 12 494 мың теңгеге, 1 спорт саласының маманына 4 594 мың теңгеге, 1 мәдениет саласының маманына 4 000 мың теңге, Қорғалжын ауылдық округінің 1 мемлекеттік қызметшісі 4 000,0 мың теңге бюджеттік несие берілді. Сонымен қатар, 17 маман көтерме жәрдемақы алды. Оның ішінде: 13 маман - білім беру саласының, 4 маман - денсаулық сақтау саласының мамандары.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, жұртшылықты «Нұр Қорғалжын» жергілікті газеті арқылы хабардар етіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті органда шағымдар мен ұсыныстар журналы бар. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Дұрыс қызмет атқармаған жағдайларда, шағым мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшысының атына ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңнамасына сәйкес сотқа жүгіну құқығы бар. Шағым жазба түрінде ұсынылады.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша шағым түскен жоқ.
«Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ болашақта тиімді перспективаларын қарастыру және мемлекеттік қызметтерді қанағаттандыру сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Бөлім басшысы Б.Рысбаева