№1 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы №1 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша 2023 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Медеубаев Аблай Балташевич - 1976 жылы туған, «Агрофирма Жер-888» ЖШС директорының орынбасары, «AMANAT» партиясының ұсыну бойынша, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы тұрғыны тіркелді.