«Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ 2023 жылғы 23 қантардан бастап 10 ақпанға дейін мерзімде. Қорғалжын ауданы әкімдігі жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша операторлардан өтініштер қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.
Қатысушылар (әлеуетті операторлар) келесі талаптарға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады:
1) Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
2) Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екендігі туралы банктің анықтамасы;;
3) Мүлікке ауыртпалықтың жоқ екендігі туралы анықтама;
4) Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екендігі туралы үзінді көшірме немесе екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты;
5) Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы;
6) Қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;
7) Автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім ;
8) Әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы АШБ-ға күн сайын ақпарат беруге міндетті;
9) Дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.