Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
2022 жылдың қаңтар-қараша айларының АҚПАРАТЫ
Аудан халқының саны 2022 жылдың 1-қарашаға 7 315 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,2% құрады (7 449 адам).
Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 116,9% құрады (2021 ж- 75,6%).
"Астана Агропродукт" ЖШС өндірген өнім көлемі өсті. Жыл басынан 421 тонна ет өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе көп (2021 жылы 324 тонна).
2.Ауылшаруашылық. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 16 884,1 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 97,1% құрады (2021 жылы 17 390,6 млн тенге).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 77,6% құрады, 2021 жылы 84,9% құрады.
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 1 054,1 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 95,2% құрады. Көрсеткіштің төмендеуі "Элит Тұлпар" ЖШС есебінен, 2021 жылы кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне 217 бас ірі қара мал басы немесе 75,9 тонна ет сатылды.
Сонымен қатар 8 673,3 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 100,3% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 1 059,4 мың дана немесе 2021 жылға 102,4% құрады.
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 21 453 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 100,4% құрады, сонымен қатар 10 516 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,9% құрады.
- 39 278 бас қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 108,1% құрады;
- жылқы 16 237 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,3% құрады;
- шошқа 28 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 103,7% құрады.
- құс 22 646 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 99,9 % құрады;
3.Инвестициялар. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында 3 140,7 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 69,5% құрады (2021 жылы – 4 515,9 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 63% құрады.
4.Құрылыс жұмыстары және оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 426,5 млн.теңге (2021 жылы 733,5 млн тенге), құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2,9 есе көп құрады.
2021 жылдың қаңтар-қараша айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 559,7 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 163,2% құрады.
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 317 адам, соның 221 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 117.
Сонымен қатар 2022 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 194 646 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 81 % құрады (облыстық көрсеткіш – 240 576 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 127,9% құрайды. (2021 жыл осы мерзімінде орташа айлық жалақы көлемі – 152 202 тенге құрады).
Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1 908 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.
11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.
МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.
Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.
Қоғамдық құқық тәртібі. Қорғалжын ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында 23 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 54,8% (2021 жылы 42 бірлік), оның ішінде ауыр, аса ауыр 9 қылмыс (2021 жылы 14 бірлік).