Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2022 жылдың қаңтар-қазан айларының АҚПАРАТЫ

Қорғалжын ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2022 жылдың қаңтар-қазан айларының АҚПАРАТЫ

         Аудан халқының саны 2022 жылдың 1 - қазанға 7328 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,4 % құрады (2021 ж.- 7 449 адам).

  1. ЭКОНОМИКА
  1. Өнеркәсіп. Қорғалжын ауданының 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 1 536,4 млн теңге құрады.

Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 126,7% құрады (2021 ж- 78,4%).

"Астана Агропродукт" ЖШС өндірген өнім көлемі  өсті. Жыл басынан 381 тонна ет өнімдері 619,0 млн.тенгеге өндірілді, немесе 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп (2021 жылы - 399 млн.тенгеге, 234 тонна).

2.Ауылшаруашылық. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 16 688,3 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда               99,0 % құрады (2021 жылы 16 853,8 млн тенге).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 79,7% құрады, 2021 жылы 87,2 % құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 897,6 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 94,8 % құрады.           

Көрсеткіштің төмендеуі "Элит Тұлпар" ЖШС есебінен, 2021 жылы кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне 217 бас ірі қара мал басы немесе 75,9 тонна ет сатылды.

Сонымен қатар 7 888 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 100,7 % құрады. Ал тауық   жұмыртқалары 1 059,2 мың  дана  немесе  2021 жылға 102,4% құрады.

2022 жылдың қаңтар-қазан  айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 21 742 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 100,3 % құрады, сонымен қатар 10 496  бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,8 % құрады. 

- 39 415 бас  қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 108,1 % құрады;

- жылқы 16 453 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,1% құрады;

- шошқа 28 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 103,7% құрады.

- құс 23 471 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 % құрады;

3.Инвестициялар. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 3 078,1 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 75,0 % құрады (2021 жылы – 4059,1 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 69,1% құрады.

4.Құрылыс   жұмыстары  және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 1 947,3 млн.теңге (2021 жылы 698,1 млн тенге), құрылыс  жұмыстарының  нақты көлем индексі 2,5 есе көп құрады.

  1. Тұрғын-үй құрылысы. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 3 728 шаршы метр аумақ немесе, өткен жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 106,1 % құрады. Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 459,0 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 67,6 % құрады (2021 жылы 628,4 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.
  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2022 жылдың қаңтар- қазан айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 596 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 125 бірлік, жеке кәсіпкерлік 276 бірлік, шаруа қожалықтар 195 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 109% құрады.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 479,5 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 172,5 % құрады.

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

Әлеуметтік көрсеткіштер. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 270 адам, соның 167 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 123.

Сонымен қатар  2022 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  194 646  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 80,9 % құрады (облыстық көрсеткіш – 240 576 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 127,9 % құрайды. (2021 жылдың осы мерзімінде орташа айлық жалақы көлемі – 152 202 тенге құрады).

Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1 908 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.

МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.  

Қоғамдық құқық тәртібі. Қорғалжын ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 25 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 64,0 % (2021 жылы 39 бірлік), оның ішінде ауыр, аса ауыр 9 қылмыс (2021 жылы 15 бірлік).

Дата публикации
18 октября 2022