Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларының АҚПАРАТЫ
Аудан халқының саны 2022 жылдың 1-шілдеге 8 364 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 97,8% құрады (8 553 адам).
Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 202,1% құрады (2021 ж- 92,8%).
"Астана Агропродукт" ЖШС өндірген өнім көлемі өсті. Жыл басынан 360 тонна ет өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе көп (2021 жылы 105 тонна).
2.Ауылшаруашылық. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 5 379,9 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 93,9% құрады (2021 жылы 5 730,2 млн тенге).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 70,9% құрады, 2021 жылы 85,9% құрады.
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 666,4 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 97,6% құрады. Көрсеткіштің төмендеуі "Элит Тұлпар" ЖШС есебінен, 2021 жылы кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне 217 бас ірі қара мал басы немесе 75,9 тонна ет сатылды.
Сонымен қатар 6 241,6 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,5% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 963,2 мың дана немесе 2021 жылға 102,3% құрады.
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 22 182 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 98,9% құрады, сонымен қатар 10 517 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,8% құрады.
- 40 466 бас қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 107,8% құрады;
- жылқы 16 629 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 105,7% құрады;
- шошқа 38 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7% құрады.
- құс 24 171 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100,1 % құрады;
3.Инвестициялар. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2 609,8 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 83 % құрады (2021 жылы – 3 142,9 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 76,4% құрады.
4.Құрылыс жұмыстары және оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 023,9 млн.теңге (2021 жылы 250,2 млн тенге), құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 3,8 есе көп құрады.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 315,9 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 206,5% құрады.
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 224 адам, соның 129 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 152.
Сонымен қатар 2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 200 274 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 84,8 % құрады (облыстық көрсеткіш – 236 097 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 130,6% құрайды. (2021 жыл осы мерзімінде орташа айлық жалақы көлемі – 153 331 тенге құрады).
Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1 908 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.
11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.
МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.
Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.
Қоғамдық құқық тәртібі. Қорғалжын ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 19 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 65,5% (2021 жылы 29 бірлік), оның ішінде ауыр, аса ауыр 8 қылмыс (2021 жылы 10 бірлік).