Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
2022 жылдың қаңтар-шілде айларының АҚПАРАТЫ
Аудан халқының саны 2022 жылдың 1-шілдеге 8 364 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 97,8% құрады (8 553 адам).
Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 221,9% құрады (2021 ж- 98,6%).
"Астана Агропродукт" ЖШС өндірген өнім көлемі өсті Жыл басынан 326 тонна ет өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 12 есе көп (2021 жылы 27 тонна).
2.Ауылшаруашылық. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2 490,2 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 117,1% құрады (2021 жылы 2 127,2 млн тенге).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 100,4% құрады, 2021 жылы 78,3% құрады.
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 560,5 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 97,1% құрады. Көрсеткіштің төмендеуі "Элит Тұлпар" ЖШС есебінен, 2021 жылы кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне 217 бас ірі қара мал басы немесе 75,9 тонна ет сатылды.
Сонымен қатар 5 274,0 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,7% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 864 мың дана немесе 2021 жылға 102,4% құрады.
2022 жылдың қаңтар-шілде айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 22 362 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 99,1% құрады, сонымен қатар 10 496 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,6% құрады.
- 40 806 бас қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 108% құрады;
- жылқы 16 795 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,1% құрады;
- шошқа 38 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7% құрады.
- құс 24 380 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100,1 % құрады;
3.Инвестициялар. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында 2 088 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 72 % құрады (2021 жылы – 2 900,6 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 66,4% құрады.
4.Құрылыс жұмыстары және оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 234,3 млн.теңге (2021 жылы 220 млн тенге), құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 215,8% құрады.
2021 жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 234,3 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 215,8% құрады.
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 184 адам, соның 122 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 141.
Сонымен қатар 2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 200 274 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 84,8 % құрады (облыстық көрсеткіш – 236 097 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 130,6% құрайды. (2021 жыл осы мерзімінде орташа айлық жалақы көлемі – 153 331 тенге құрады).
Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1 908 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.
11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.
МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.
Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.
Қоғамдық құқық тәртібі. Қорғалжын ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында 10 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 41,7% (2021 жылы 24 бірлік), оның ішінде ауыр, аса ауыр 4 қылмыс (2021 жылы 9 бірл