Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларының АҚПАРАТЫ

Қорғалжын ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларының АҚПАРАТЫ

         Аудан халқының саны 2022 жылдың 1-мамырына 8 388 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,1% құрады (8 553 адам).

 

  1. ЭКОНОМИКА

 

  1. Өнеркәсіп. Қорғалжын ауданының 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 872 млн теңге құрады.

Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 317,9% құрады (2021 ж- 113,3%).

"Астана Агропродукт" ЖШС өндірген өнім көлемін азайту есебінен өнеркәсіп өнімінің көлемін төмендетті. Жыл басынан 303 тонна ет өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 10 есе көп (2021 жылы 28 тонна).

 

2.Ауылшаруашылық. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1 171,2 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113% құрады (2021 жылы 1 036,7 млн тенге).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 96,5% құрады, 2021 жылы 64,6% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 392,6 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 88,6% құрады. Көрсеткіштің төмендеуі "Элит Тұлпар" ЖШС есебінен, 2021 жылы кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне 217 бас ірі қара мал басы немесе 75,9 тонна ет сатылды.

Сонымен қатар 2 284,7 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,9% құрады. Ал тауық   жұмыртқалары 419,1 мың  дана  немесе  2021 жылға 102,1% құрады.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 23 790 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 105.3% құрады, сонымен қатар 9 842 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,9% құрады. 

- 40 346 бас  қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 110% құрады;

- жылқы 15 964 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,5% құрады;

- шошқа 35 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 97,2% құрады.

- құс 19 894 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 104,9 % құрады;

 

3.Инвестициялар. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 707,5 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 30 % құрады (2021 жылы – 2 357,4 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 27,9% құрады.

 

4.Құрылыс   жұмыстары  және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 2,2 млн.теңге (2021 жылы 9 млн тенге), құрылыс  жұмыстарының  нақты көлем индексі 24% құрады.

 

2021 жылы екі қабатты екі жатақхананы тұрғын үйлерге реконструкциялау есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі мен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі төмендеп отыр.

 

  1. Тұрғын-үй құрылысы. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 1 334 шаршы метр аумақ немесе, өткен жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 111,7% құрады. Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 167 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 121,9 % құрады (2021 жылы 137 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 553 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 117 бірлік, жеке кәсіпкерлік 244 бірлік, шаруа қожалықтар 192 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 103,4% құрады.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 71,4 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 111% құрады.

 

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

 

Әлеуметтік көрсеткіштер. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 133 адам, соның 98 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 115.

Сонымен қатар  2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  186 240  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 82,8 % құрады (облыстық көрсеткіш – 225 027 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 131,1% құрайды. (2021 жыл осы мерзімінде орташа айлық жалақы көлемі – 142 049 тенге құрады).

 

Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1 908 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.

МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.

 

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.  

 

Қоғамдық құқық тәртібі. Қорғалжын ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 5 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 28% (2021 жылы 18 бірлік), оның ішінде ауыр, аса ауыр 4 қылмыс (2021 жылы 5 бірлік).

Дата публикации
18 мая 2022