Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларының АҚПАРАТЫ

Қорғалжын ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларының АҚПАРАТЫ

 

         Аудан халқының саны 2022 жылдың 1-наурызына 8 415 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 97,8% құрады (8 600 адам).

 

  1. ЭКОНОМИКА

 

  1. Өнеркәсіп. Қорғалжын ауданының 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 524,9 млн теңге құрады.

Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 301,5% құрады (2021 ж- 100,1%).

 

2.Ауылшаруашылық. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 574,1 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 127% құрады (2021 жылы 452 млн тенге).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 102,5% құрады, 2021 жылы 42% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 210,1 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 103,8% құрады.

Сонымен қатар 918,3 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,7% құрады. Ал тауық   жұмыртқалары 118,8 мың  дана  немесе  2021 жылға 102,6% құрады.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 21 493 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 102,3% құрады, сонымен қатар 9 841 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,9% құрады. 

- 37 865 бас  қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 110,5% құрады;

- жылқы 15 066 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,4% құрады;

- шошқа 30 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 93,8% құрады.

- құс 19 978 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 104,9 % құрады;

3.Инвестициялар. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 279,4 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 42,3 % құрады (2021 жылы – 659,9 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 39,5% құрады.

 

4.Құрылыс   жұмыстары  және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 0,4 млн.теңге (2021 жылы 1,4 млн тенге), құрылыс  жұмыстарының  нақты көлем индексі 28,5% құрады.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 661 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 108% құрады. Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 84 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 129,2 % құрады (2021 жылы 65 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.

 

5.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 549 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 116 бірлік, жеке кәсіпкерлік 243 бірлік, шаруа қожалықтар 190 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 103% құрады.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 40,4 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 96,1% құрады.

 

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

 

Әлеуметтік көрсеткіштер. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 98 адам, соның 59 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 90.

Сонымен қатар  2021 жылдың қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  158 327  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 78,8 % құрады (облыстық көрсеткіш – 200 824 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 119,1% құрайды. (2021 жылғы орташа айлық жалақы көлемі – 132 918 тенге).

 

Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1 947 адамды құрайды, 229 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

11 шағын орталықта 301 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.

МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 6,3% (11 адам) құрайды.

 

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.  

 

Қоғамдық құқық тәртібі. Қорғалжын ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 50% (2021 жылы 10 бірлік), оның ішінде ауыр, аса ауыр 3 қылмыс (2021 жылы 1 бірлік).

Дата публикации
18 марта 2022